«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3) мемлекетке қайтару болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бөлігіне) нұсқауды;

4) жер қойнауын пайдаланушыда қалатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқауды қамтуға тиіс.

3. Өтінішке қосымша:

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің немесе егер консервациялауды көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жүзеге асырған болса, консервациялау актісінің көшірмесі;

2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.

4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдайды немесе оны азайтудан бас тартады.

5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайтудан мынадай жағдайларда:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

6. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.

7. Жер қойнауын пайдаланушының бүкіл жер қойнауы учаскесін қайтаруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына алып келеді.

8. Осы баптың ережелері барлау учаскесін:

1) барлау кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бекітумен;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітумен;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3) осы Кодекстің 113-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтумен байланысты азайту жағдайларына қолданылмайды.

 

115-бап. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін бөліп шығару жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:

1) барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп шығару - егер әрбір бөліктің шегінде осындай кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатса;

2) барлау учаскесін бөліп шығару - егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта әрбірінің шегінде кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан екі немесе одан көп барлау учаскелері бекітілсе;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өндіру учаскесін бөліп шығару - егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта кемінде бір барлау учаскесі және кемінде бір өндіру учаскесі бекітілсе;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) өндіру учаскесін бөліп шығару - егер барлауға және өндіруге арналған келісімшартта екі немесе одан көп өндіру учаскесі бекітілсе;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) өндіру учаскесін бөліп шығару осы Кодекстің 119-бабының 18-2 және 18-3-тармақтарында көзделген жағдайларда;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындарына жататын өндіру учаскесін бөліп шығару жүргізіледі.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесін бөліп шығару бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауы учаскесін бөліп шығару жүргізілетін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған, оның ішінде келісімшарт осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және барлау кезеңінде құзыретті орган бекіткен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өткен;

2) егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының бөліп шығаруға алдын ала келісімі болған;

3) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаған кезде жүргізіледі.

Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушымен үлестес болып табылмайтын тұлғаға бөліп шығарылатын учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару жөніндегі міндеттеме өндіру учаскесін бөліп шығарудың қосымша шарты болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының және екінші бөлігінің талаптары осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқандар санатына жататын кен орны (кен орындары) шегінде жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөліп шығаруға қолданылмайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы осы Кодекстің 119-бабының 18-2 және 18-3-тармақтарында көзделген жағдайларда жер қойнауы учаскелерін бөліп шығаруға қолданылмайды.

3. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару ол жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізумен және бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт жасаумен ресімделеді.

4. Бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлау кезеңі, дайындық кезеңі немесе өндіру кезеңі мен өзге де шарттары бөліп шығару жүргізілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы өтініш:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күнін;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартқа бөлу болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) нұсқауды қамтуға тиіс.

6. Өтінішке қосымша:

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған негізгі учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру, сондай-ақ барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылған жағдайда, бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесіне жататын жұмыстардың түрлері мен көлемдеріне азайтылған жұмыстар бағдарламасы;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген және осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, өтініш иесі қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылған жағдайда, бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесіне жататын жұмыстардың түрлері мен көлемдері қамтылған жұмыстар бағдарламасы қоса беріледі.

Бұл ретте барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылғанға дейін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жұмыстарының бағдарламасында көзделген жұмыс түрлері мен көлемдері жер қойнауының негізгі учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруда және бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жасалған барлауға және өндіруге арналған келісімшартта көзделген жұмыс түрлері мен көлемдерінен кем болмайды.

7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдайды немесе учаскені бөліп шығарудан бас тартады.

8. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы бапта белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

9. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру және жер қойнауын пайдалануға бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жеке келісімшарт жасасады және өтініш иесіне олардың қол қойылған даналарын жібереді.

 

 

17-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезеңдерІ

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 116-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

116-бап. Көмірсутектерді барлау кезеңі

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ең көп ұзақтығы қатарынан келетін алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын сынап пайдалануды қоса алғанда, оларды іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.

Құзыретті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін аукцион өткізу туралы хабархатта не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.

Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үш жыл мерзімге белгіленеді.

2. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы он сегіз жылды құрайды және мыналарды:

1) барлаудың тоғыз жылға тең бастапқы кезеңін;

2) алты жылға тең бағалау кезеңін;

3) үш жылға тең сынап пайдалану кезеңін қамтиды.

Барлаудың бастапқы кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалануды қоса алғанда, іздестіру және бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.

Бағалау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде сынап пайдалануды қоса алғанда, табылған кенжатынды (кен орнын) бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.

Сынап пайдалану кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалану бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.

Бағалау кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс.

Егер жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі бағалау кезеңін және сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен ғана тұрады.

Сынап пайдалану кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы бағалау кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс.

Егер жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен, сондай-ақ бағалау кезеңінен тұрады.

3. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, оның (олардың) шегінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары орналасқан блоктардан тұратын барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыру;

3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалау жүргізу жоспарланатын кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары көрсетіле отырып, жер қойнауы учаскесі шегінде көмірсутектер кенжатынының (кенжатындар жиынтығының) табылғаны туралы осы Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берген қорытындысы.

4. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеп.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтініш жиырма жұмыс күні ішінде қаралады. Оны қарау нәтижелері бойынша бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту үшін бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарау туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының бағалау кезеңінде немесе сынап пайдалану кезеңінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндеттемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыруға қол қояды.

Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өтуден мынадай жағдайларда:

1) осы баптың 3 (бағалау кезеңіне өту кезінде) немесе 4-тармағында (сынап пайдалану кезеңіне өту кезінде) көзделген құжаттар ұсынылмаса;

2) өтініш белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе, бас тартады.

6. Күрделі жоба бойынша жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту кезінде жер қойнауы учаскесінен барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде ұңғыманы бұрғылау нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуы расталатын болса, мұндай келісімшарт бойынша барлау кезеңінің ұзақтығы барлаудың іс жүзіндегі мерзімі шегеріле отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша белгіленеді. Бұл ретте келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес өзгертілуге жатады.

Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға мынадай құжаттармен қоса беріледі:

1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жаңа редакцияда жазуды көздейтін келісімшартқа толықтыру жобасы;

2) жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуын растайтын, осы Кодекстің 36-бабының 1-3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі.

8. Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызудан және келісімшарт талаптарын өзгертуден бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңінің ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

9. Барлау кезеңі көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.

10. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда, барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

11. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғанға дейін осы Кодекстің 119-бабы 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілмесе және осы Кодекстің 119-бабының 18-4-тармағына сәйкес келісімшартқа толықтыру жасалмаса, келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 117-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 117-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

117-бап. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Егер күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдердің барынша жоғары мәндерінен төмен болса, барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша осындай мерзімдер шегінде ұзартылуға жатады.

Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ықтимал ұзарту ескеріле отырып, осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.

Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалануды қоса алғанда, оны бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі әрбір табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) бойынша жер қойнауын пайдаланушының өтінішімен үш жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартылуға жатады. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалаудың нақты мерзімі барлау жұмыстарының жобасына толықтыру негізінде айқындалады.

Бұл ретте мұндай ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жол беріледі.

Осы тармаққа сәйкес барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы тоғыз жылдан аспауға тиіс.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін. Бұл жағдайда күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы он екі жылдан аспайды.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)